Жылыжайларда қызанақ пен бұрыш өсіру

Ағымдағы статус
Тіркелмеген
Бұл курс
Сайтқа тіркелгендерге
Курсты өту
Курс
Материалдар

Курстың сипаттамасы

«Жылыжайларда қызанақ пен бұрыш өсіру» курсы жылыжайы бар халыққа арналған. 300 шаршы метрлік жылыжай отбасылық табысты 3000 доллардан – 3500 долларға дейін (4 ай) қамтамасыз ете алады. Біздің мамандар сізді жылыжайда бұрыш өсіру құпиясымен таныстырады. Сіз көшеттерді қалай дұрыс дайындауды, үй ішінде бұрыш өсірудің толық технологиясымен танысып,  аурудың түрлері және олармен күресу әдістері туралы ақпарат аласыз, сонымен қатар мысал ретінде Алматы облысындағы «Шелек фермерлері» кооперативін қолдана отырып, бұрышты базарларға тиімді сату мен жеткізу жүйесін игере аласыз. Көкөніс дақылдарының өсіру дағдысын курс арқылы үйреніп, қалаңыздың тұрғындарына жеткізіп берсеңіз, әл-ауқатыңызды арттыра аласыз.

Сұрақ-жауап

  1. Жылыжайда бұрыш өсіріп, өз ісін бастау үшін қанша ақша қажет?

Кез-келген кәсіпкерді ең алдымен шығындары мен табыстары қызықтырады. Шығындардың негізгісі – егіс материалдары мен тыңайтқыштар. Бөлмені жылытуға және қосымша жарықтандыру үшін тағы ақы қосу керек. Тұқымдық материалдың құны 1000 тұқым үшін 3 500-ден 20 000 теңгеге дейін өседі. Уақыт өте келе оны өз бетінше дайындауға болады, бұл бюджеттің шығынын қысқартады. Шымтезек ыдыстары көп рет қолданылатын пластикалық кассеталарға қарағанда қымбат. Көбінесе фермерлер оларды дайын көкөністердің өзіндік құнын төмендету үшін пайдаланады. Көшеттерді топыраққа зақымдамай отырғызу үшін тәжірибе мен икем қажет. Пластикалық кассеталар шығындары 1 дана үшін 400-500 теңгеден бастап, жылыжайдың квадратурасына және көшеттердің қажетті мөлшеріне байланысты өзгереді. 1 килограмм тыңайтқыштың құны шамамен мынадай: суперфосфат – сапасына байланысты 200-600 теңге, аммиак селитрасы – 400-500 теңге, калий қоспалары — 500-800 теңге. Фермерлік жылыжайлардың бағасы шаршы метр үшін 10 000 теңгеден басталады.

  1. Бұрышты кімге және қайда сатуға болады? Бұл бизнес қаншалықты тиімді?

Болгар тәтті бұрышын бөлшектеп базарда, таныстарға сатуға болады.  Немесе сіздің өңірдегі көтерме сауданы реттеу арқылы: консерві зауыттарына, азық-түлік дүкендеріне, көкөніс дүкеншелеріне, өңірдегі алып-сатарларға немесе мейрамханалар мен кафелерге сатуға болады. Шын мәнінде сапалы өнімге сатып алушыларды әрқашан таба аласыз, себебі нарық өте кең. Бұрыш дақылдарын тұтынушылардың санатына мына  топтар жатады:

  • әуесқой бағбандар: оларға көшеттерді сатуға болады;
  • дәріханалар: ащы сорттардың табиғи тұнбалары;
  • қоғамдық тамақтану пункттерінің өкілдері мен ұйымдастырушылары;
  • жергілікті маңызы бар дүкендер;
  • қарапайым азаматтар.

Соңғы үш топқа бұрышты кез-келген сортты тұтас көкөніс түрінде сатуға болады. Әрине, тұтынушылар аудиториясында қанық, тәтті болгар бұрышы ерекше сұранысқа ие. Екінші орында Чилидің өткір бұрышы – дәстүрлі асүйдің көптеген тағамдарына мінсіз келеді. Көкөніс көшбасшылардың үштігін пасленовтар сортының ащы қабықты бұрышы жабады. Енді бұл бизнестің тиімділігі туралы айтып өтсек. Оны келесі параметрлерден есептеуге болады. 1 кг тәтті бұрыштың орташа көтерме бағасы шамамен 0,7$ —1$. Бөлшек сауда бағасы -1,5$ (килограмм). Маусымның шарықтау шегінде бағалары түседі. Бір шаршы метр ашық топырақта өсіргенде 10 кг дейін, ал жылыжайда 18 кг дейін өнім жинауға болады. Бұрыш өсіру қиындығымен қатарлас жүретін тиімді бизнес. Ең оңтайлы нұсқа – жылыжайды ұйымдастырып, өнімді маусымның шарықтау шегіне дейін жоғары бағамен сату немесе өнімді үлкен алаңдарда көтерме сату үшін өсіру.

  1. Жылыжайда бұрыш өсіру процесін жеңілдету үшін көшетті сатып алуға болады ма?

Тәжірибелі фермерлер көшеттерді сатып алу арқылы бизнестің тиімділігін айтарлықтай төмендететінін біледі, сондықтан олар оны өздері өсіреді, бірақ бұл технологияны білу керек. Көшеттерді өсіру технологиясын жылыжайда бұрыш пен қызанақты өсіру бойынша біздің курстың 1 модулінде оқи аласыз.

  1. Мүмкін, бұрышты ашық жерде өсіруге болатын шығар? (жылыжайға үлкен шығындар кетеді)

Жылыжайда тәтті бұрыш сорттарын өсірудің, ашық топыраққа қарағанда, өнімділік көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Бұл жылусүйгіш өсімдіктің ерекшелігінен болады. Жылыжай жемістерді ерте мерзімде алуға мүмкіндік береді, яғни маусымның шарықтау шегінде емес,соның арқасында  сіз өнімді нарықта жоғары бағамен сата аласыз. Сонымен қатар, жылыжай өсімдікті қолайсыз ауа-райынан сақтайды және жоғары өнімді қалыптастыру үшін ең оңтайлы режимді қамтамасыз етеді. Жылыжайдағы 1 шаршы метрден алатын өнім 18 кг дейін жетуі мүмкін. Ал, бұл ашық топырақтағы өсімнен әлдеқайда жоғары.  Сонымен қатар, жылыжайда өсірілген бұрыш өңдеу кезінде де, консервация кезінде де өз қасиеттерін жоғалтпайды. С витамині мен каротинге бай.

  1. Жылыжайда бұрыш өсіру үшін қандай сорттарын таңдау керек?

Бұрыш өсіру технологиясы таңдалған сортқа байланысты. Осыған байланысты бұрыш пішіні, жемісінің түсі бойынша әр түрлі болады. Бұл етті бұрыштар, конус тәрізді сопақша жемістер, куб тәрізді, дөңгелек немесе иілген болуы мүмкін. Сондай-ақ, жылыжайға бұрыш сортын таңдаудан жемістің соңғы массасы (0,5-ден 200 грамға дейін) және ұзындығы 1-ден 30 см-ге дейін өзгеруі мүмкін. Жылыжайдағы бұрыш жасылдан қызғылт сары, қоңыр, тіпті күлгін түске өзгеруі мүмкін. Көбінесе жылыжайда бұрыш өсіру үшін мына сорттарды алады: Аленушка, Буратино, Оранжевое чудо, Ласточка, Винни-пух, Ночка, Негоциант, Нежность. Жылыжайға арналған тәтті бұрыштың ең қолайлы сорттары: Атлант, Абрикосовая фаворитка, Кардинал және тағы басқалары. Бұлар әдетте қысқа уақытта жемістейтін сорттар.

  1. Бұрыш өсіру кезінде қандай аурулар кездесуі мүмкін?

Бұрыштың ең жиі кездесетін ауруларының арасында: жеміс шірігі, вирустық столбур ауруы, альтернариоз. Ең қауіпті зиянкестер – биттер.

  1. Бизнестің осы түрі үшін қандай да бір құрал-жабдық сатып алу керек пе?

Топырақты өңдеуге арналған қарапайым ауыл шаруашылық құралдары керек. Жерді тыңайтқышпен қоректендіріп, қопсыту үшін қажет екенін ескере отырып, өсімдіктерді паразиттерден химиялық заттармен өңдеуге тура келеді. Пайдалы видеоларға сілтеме:

Пайдалы мақалаларға сілтеме: