ЖОБА ЖАЙЛЫ

Портал «Coca-Cola Белестері» жобасының тиімділігін арттыру және жанама қатысушыларды көбейту мақсатында құрылды

Оқуды бастап кету үшін кез-келген қатысушы сайтқа тіркеліп, логин мен пароль ала алады.

2020 жылы онлайн-мектеп алғашқы тыңдаушыларына ең аз инвестиция мен жоғары рентабельділікпен ауылда жеке бизнесіңізді құруға арналған бірнеше бизнес курстарын ұсынды. Олар:

  1. Саңырауқұлақты үй-жайда өсіру
  2. Жылыжайларда қызанақ пен бұрыш өсіру
  3. Микрожасылды өсіру технологиясы
  4. Құс шаруашылығы. Үйректер мен қаздарды өсіру
  5. Құс шаруашылығы Бройлер өсіру
  6. Ара шаруашылығы
  7. Ірі қара малды бордақылау
  8. Сүтті ірі қара өсіру
  9. Жылыжайда лимон өсіру
  10. Сабын әзірлеу
  11. Балық шаруашылығы
  12. Қоян өсіру
  13. Құлпынай өсіру туралы А-дан Я-ға дейін

Әрбір бизнес курс бірнеше модульден және келесі материалдардан тұрады:

  • видео сабақ (видео);
  • қысқа дәрістер (тезистер);
  • инфографикалар;
  • жиі қойылатын сұрақтар;
  • тест тапсырмалары.

Бір модульдің материалын меңгерудің белгілі бір деңгейі дәлелденбесе, келесі модуль онлайн мектеп тыңдаушысы үшін жабық болады. Осылайша тыңдаушылар біртіндеп таңдалған бизнес-кейсті игеріп, оқу аяқталғаннан кейін сертификат алады. Онлайн мектептің қандай да бір модулін тәмәмдаған тыңдаушы Coca-Cola Белестері гранттық байқауына қатыса алады.

Сонымен қатар, біз порталда біртіндеп ауылдағы бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы және Coca-Cola Белестері жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарының жеке бизнесін және Қазақстанның басқа ауыл әйелдерінің жетістіктері туралы видеоларын (кеңестер) жариялайтын боламыз.