Саңырауқұлақты үй-жайда өсіру

Ағымдағы статус
Тіркелмеген
Бұл курс
Сайтқа тіркелгендерге
Курсты өту
Курс
Материалдар

«Саңырауқұлақты үй-жайда өсіру» курсы ауласында немесе жертөлесінде бос орыны бар халыққа арналған. 100 шаршы метрлік жер бір отбасына айына 500$-ға дейін табыс әкеледі. Саңырауқұлақты күтудің ең қарапайым жолы мен инвестициясы арқылы кез-келген еңбекқор адам жиі тұтынатын аспа (вешенка) саңырауқұлағын өсіре отырып, кәсіпкер бола алады. Бұл-табысты бизнес. Біздің курс сізге қысқа мерзім ішінде саңырауқұлақ дағдыларын меңгеріп, жеке үй-жайыңызда ақша табуға мүмкіндік береді.

  1. Неге аспа (вешенка) саңырауқұлағы? Саңырауқұлақтың бұл түрін өсіру арқылы, сіз өз тәжірибеңізден экзотикалық саңырауқұлақтың жоғары сұранысқа ие екенін білесіз. Саңырауқұлақты кезкелген тамаққа қоса береді. Олардың сондай-ақ денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Онокологиялық ауруларды алдын алады, қуатты антиоксидант. Саңырауқұлақтың вешенка (аспа ) түрі өсіруге қолайлы және жеңіл. Қолайлығының себебі, әр 6 апта сайын өнім береді. Оларды өсіру оңай, тез өседі. Аспа саңырауқұлақтары сіздің көп уақытыңызды алмай-ақ, жақсы табыс әкеледі. Саңырауқұлақ өсірушілердің аспа (вешенка) саңырауқұлағын таңдайтындарының басты себептері осы.
  1. Шығындарды азайту үшін жіпшумақты (мицелий) қолдан жасауға бола ма? Дайындаудың екі жолы бар. Стерильді дақылдарды қолдана отырып, өзіңізге жіпшумақ (мицелий) дайындай аласыз. Уақыт өте келе үнемдейсіз. Бұл арзан болуы мүмкін, дегенмен, жіпшумақ (мицелий) өндірудің бастапқы кезеңіндегі шығыны жоғары болады. Оның орнына, жеткізушіден егуге дайын жіпшумақ (мицелий) сатып алу нұсқасын қарастырыңыз.
  1. Инкубация кезіндегі температура қандай болу керек? Аспа (вешенка) саңырауқұлақтарын әртүрлі өсіру сатысындағы температура, ылғалдылық деңгейі, табиғи жарықтың мөлшері де әртүрлі болу керек. Сізде міндетті түрде бақылау-өлшеу құралы болуы тиіс. Әртүрлі кезеңдегі барлық көрсеткіштер жоғарыда көрсетілген.
  1. Өсуді жақсарту үшін қоспалар пайдалануға бола ма? Химиялық құрамды қоспаларды пайдалануға болмайды. Саңырауқұлақтардың табиғи сүзгі екенін ұмытпаңыз, олар зиянды уыттарды (токсины) жинайды. Сіз тез әрі көп өнім ала аласыз, дегенмен өнімнің дәмдік сапасы төмендеп, сұраныс та азаяды. Осылайша тұрақты тұтынушыларыңызды жоғалтасыз. Ал, егер, табиғи қоспаларды қолдансаңыз, мысалы: күнбағыс немесе соя шроты, мақта жапырақтары, азотқа бай жоңышқа жапырақтары. Бұл қоспалар өнімділікті айтарлықтай арттырмайды, дегенмен, саңырауқұлақтардың дәмі мен иісі көрсеткішінің жоғары пайызына ие. Мұндай саңырауқұлақтар хош иісті орман саңырауқұлақтарынан кем түспейді.
  1. Өсіру кезінде тазалықты қатаң түрде сақтау қажет, бұған қалай қол жеткізуге болады? Сабанмен, жіпшумақпен, саңырауқұлақпен жанасатын зат беттерінің таза екеніне көз жеткізіңіз. Барлық зат беттерін зарарсыздандырыңыз. Қап қоятын сөре беттеріне 10%-дық хлорлық әктің ерітіндісін жағып шығыңыз. Жұмыс алдында қолды мұқият жууды ұмытпаңыз.
  1. Аспа (вешенка) саңырауқұлақтарын қайда және кімге сатады? Саңырауқұлақтарды сатудың үш жолы сипатталған:

1.Көкөніс базарларында;

2.Ресторация саласында (асханалар, мейрамханалар, пиццериялар және т. б.);

3.Сауда нүктелеріне көтерме жеткізілімдерді ұсыну (азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, базарлар).

  1. Сатуды қалай көбейтуге болады? Өнімді жарнамалаңыз. Жарнама - сауданың қозғаушы күші. Хабарландырулар беріңіз, жарнамалық стендтер жасаңыз, акциялар өткізіңіз. Бір үлгіні мейрамханаларға тегін таратыңыз. Көптеген тұтынушылар сатып алудан бұрын сапаны көргісі келеді. Тегін үлгілерді тарату - бәсекелестіктен тыс акция. Сіз өзіңіздің тұтынушылық базаңызды тез құра аласыз.
  1. Айына 1000$ табыс табу үшін, неше шаршы метр жерге егін егу керек? Айына 1000$ табыс табу фактісі өндіріс көлеміне ғана емес, сату көлеміне де байланысты. Сіз көп өндіріп қана қоймай, көп сата білуіңіз керек. Саңырауқұлақты көп мөлшерде өсіру – табысты бизнес үшін жарты жұмыс ғана. Егін егу ауданын қарапайым формула бойынша есептей аласыз.  100 шаршы метрден жылына 4 тонна өнім (саңырауқұлақ) аласыз. Аспа (вешенка) саңырауқұлақтың 1кг бағасы-1,5$-дан басталады. Қорытындылай келгенде: 4000кг * 1,5$ /12=500$. Демек, сізге егін егу үшін 200 шаршы метр жер керек. Егер сіз жылына 8 тонна саңырауқұлақ өсіріп, сата алсаңыз, айына 1000$ табыс табасыз. Ал егер қолыңыздан келмесе, шағын жұмыстан бастаңыз.
  1. Төсеніш ретінде не нәрсе қолданған жақсы? Төсеніш-саңырауқұлақтар үшін қоректік орта. Өндірушілер әдетте сабанды қолданады. Кейбірі ағаш жоңқаларын таңдайды. Ең тиімді нұсқасы сабан, себебі, оны көптеген дүкендерден қолжетімді бағада таба аласыз. Сабанның қоректік қасиеттері де көп. Тағы да тыңайтқыш қосуға болады, бірақ бастапқы кезеңге эксперимент жасамағаныңыз дұрыс болады.
  1. Егер саңырауқұлақтардың жаңа піскен өнімдері сатылмаса, не істеу керек? Аспа (вешенка) саңырауқұлақтар жаңа піскен кезінде сұраныста болады. Бірақ, сіздің тұтынушыларыңыздың саны аз болып, немесе, жаңа піскен жас кезінде сатып үлгермесеңіз, саңырауқұлақтарды мұздатуға, кептіруге арналған жабдық сатып алыңыз. Құрылғы саңырауқұлақтарды бірнеше апта немесе бірнеше айға сақтап, сатуға мүмкіндік береді.

Пайдалы бейне сілтемелері

Пайдалы мақалалар сілтемесі