Жеке-қосалқы шаруашылықта қаз өсіру онлайн-семинары

30 сәуір күні сағат 15:00-17:00 аралығында Coca-Cola Белестері жобасы аясында кезекті онлайн-семинар өтті.

Тақырып: «Жеке-қосалқы шаруашылықта қаз өсіру»

Семинарға 25-тен артық ауыл әйелдері қатысты.

Спикерлер: Темірбекова Гүлжан Аязқызы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құс шаруашылығы бөлімінің жетекшісі, танымал құс өсіруші.

Сүлейменов Асхат Мұратұлы, «Жасыл экономика» коалициясының атқарушы директоры. Ол Coca-Cola Belesterі әлеуметтік жобасын ұсынып, нәтижелері мен отбасылық бизнесті бастау үшін грант алу мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.

Естеріңізге сала кетейік, семинарға «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектебінің платформасында тіркелген кез келген адам қатыса алады.