ЖОБА ЖАЙЛЫ
Портал «Coca-Cola Белестері» жобасының тиімділігін арттыру және жанама қатысушыларды көбейту мақсатында құрылды
Оқуды бастап кету үшін кез-келген қатысушы сайтқа тіркеліп, логин мен пароль ала алады.
2020 жылы онлайн-мектеп алғашқы тыңдаушыларына ең аз инвестиция мен жоғары рентабельділікпен ауылда жеке бизнесіңізді құруға арналған бірнеше бизнес курстарын ұсынды. Олар:
- Саңырауқұлақты үй-жайда өсіру
- Жылыжайларда қызанақ пен бұрыш өсіру
- Микрожасылды өсіру технологиясы
- Құс шаруашылығы. Үйректер мен қаздарды өсіру
- Құс шаруашылығы Бройлер өсіру
- Ара шаруашылығы
- Ірі қара малды бордақылау
- Сүтті ірі қара өсіру
- Жылыжайда лимон өсіру
- Сабын әзірлеу
- Балық шаруашылығы
- Қоян өсіру
- Құлпынай өсіру туралы А-дан Я-ға дейін
Әрбір бизнес курс бірнеше модульден және келесі материалдардан тұрады:
- видео сабақ (видео);
- қысқа дәрістер (тезистер);
- инфографикалар;
- жиі қойылатын сұрақтар;
- тест тапсырмалары.
Бір модульдің материалын меңгерудің белгілі бір деңгейі дәлелденбесе, келесі модуль онлайн мектеп тыңдаушысы үшін жабық болады. Осылайша тыңдаушылар біртіндеп таңдалған бизнес-кейсті игеріп, оқу аяқталғаннан кейін сертификат алады. Онлайн мектептің қандай да бір модулін тәмәмдаған тыңдаушы Coca-Cola Белестері гранттық байқауына қатыса алады.
Сонымен қатар, біз порталда біртіндеп ауылдағы бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы және Coca-Cola Белестері жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарының жеке бизнесін және Қазақстанның басқа ауыл әйелдерінің жетістіктері туралы видеоларын (кеңестер) жариялайтын боламыз.